Депутаттардан белсенділік талап етіледі
«Депутаттардан белсенділік талап етіледі және ішкі партиялық рейтинг жұмыстарының нәтижесімен маңызды шешімдер қабылданады». Бұл туралы AMANAT партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов фракция мүшелерімен кездесуде мәлімдеді. Жиынға облыстық, аудандық мәслихаттағы AMANAT партиясы депутаттық фракциясының мүшелері қатысты.
Жиында партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындауға негізделген Жол картасының қалалық және аудандық деңгейлердегі орындалуы кеңінен талқыланды. Сондай-ақ фракция мүшелерінің жыл ішінде жүргізген жұмыстарына талдау жасалып, партиялық тізіммен сайланған депутаттардың рейтингі жария етілді. Депутаттарға сайлауалды бағдарламаның орындалуын жүзеге асыру мен бақылау, тұрғындармен ашық байланыс орнату бағытында жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
– Партияның сайлауалды бағдарламасының көрсеткіштерінің орындалуына әр депутат жауапты ретінде белгіленген. Осы көрсеткіштердің орындалуы, қоғамдық қабылдаулардағы оңтайлы шешілген мәселелер, депутаттық сауалдар және әлеуметтік желілердегі белсенділік, тікелей эфирде жұртшылықпен жүздесу бағалау критерийлеріне енгізілді. Сондықтан депутаттар жергілікті атқарушы орган басшыларымен бірлесе халықтың талап-тілегін орындауға жауапкершілікпен қарауы қажет. Бұл облыстық және аудан мәслихаттағы AMANAT партиясы фракция мүшелерінен бірінші кезекте талап етеді, – деді А.Жарылқасынов.
Партияішілік басқосуда депутаттар сұрақ қойып, жауап алып, бірлесе атқарылатын жұмыстардың барысын пысықтады. Айта кету керек, рейтинг күн сайын жаңартылып, депутаттардың белсенділігі автоматты түрде бағаланады. Ақпараттық жүйеге депутаттар өздеріне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында атқарған жұмыстарын ақпарат ретінде енгізе алады. Ақпараттар қоғамдық-саяси және медиа қызмет болып екіге бөлінген.
Расул ЕСЕНОВ,
облыстық мәслихат депутаты,
Nur Otan партиясының мүшесі
облыстық мәслихат депутаты,
Nur Otan партиясының мүшесі