Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Көпір құрылысына зерделеу жұмыстары жүргізілді

Көпір құрылысына зерделеу жұмыстары жүргізілді

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мен жауапты баскарма өкілдері Қазалы ауданында болып, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты Сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған Қызылорда облыстық және Қазалы аудандық Жол карталарында 2022 – 2023 жылдары орындалуы жоспарланған «Қазалы – Қожабақы – Бозкөл - Кәукей» автомобиль жолының Қарлан учаскесінен Сырдария өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

«Жалпы құны – 4,4 млрд теңге тұратын көпір құрылысының ұзақтығы 17 айға жоспарлануда. Салынатын өткелдің жалпы ұзындығы 2,5 км болса, темірбетон көпірінің ұзындығы - 248 метр. Автокөліктердің қозғалыс жолағының саны 2 дана, жалпы ені - 13 метр. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолы мен жарық шамдар да орнатылатын болады.»-деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов.

Зерделеу жұмыстары кезінде партиялық бақылау комиссиясының өкілдері Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы және 8 елді-мекенді байланыстыратын бұл көпір құрылысы сапалы аяқталып ел игілігіне берілсе қауіпсіз және тұрақты көлік қатынасы мен қатар медицина қолжетімділік оң әсерін беретін айтты.

28 қазан 2021 ж. 453 0