Жол картасының орындалуы пысықталды
«Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының Саяси Кеңес Бюросы мен фракция мүшелерінің бірлескен отырысы өтті. Карантиндік талаптарды қатаң сақтау арқылы ұйымдастырылған жиналысқа Саяси Кеңес Бюросы мен фракция мүшелері қатысты.
Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып ашып, жүргізген бірлескен отырыстың күн тәртібінде аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасының орындалуы қаралды. Бірлескен отырыста халық қалаулылары мен Саяси кеңес Бюро мүшелерінің назарына «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Сырдария ауданы бойынша Жол картасының ағымдағы жылдың 8 айындағы орындалуы баяндалды. Жол картаның орындалуы бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғ.Акбаров баяндама жасады. Қосымша мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы М.Қаратаевтың ұсыныстары тыңдалды.
Отырыс соңында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Е.Жақып «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Сырдария ауданы бойынша Жол картасының 2021 жылдың қорытындысымен жоспарланған іс-шаралар толығымен орындаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Жол картасында айқындалған әрбір іс-шараға бекітілген депутаттық фракция мүшелеріне жоспарлардың орындалуын бақылауға алуды, мониторинг жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Депутаттар Б.Есназар, Ж.Ембергенов, Ғ.Жаңабаева және А.Ибрагимұлы атқарушы орган өкілдеріне бірқатар депутаттық сауал жолдап, жауап алды.
Расул ЕСЕНОВ,
облыстық мәслихат депутаты,
Nur Otan партиясының мүшесі
облыстық мәслихат депутаты,
Nur Otan партиясының мүшесі