Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлер бөлмесі ашылды

Ардагерлер бөлмесі ашылды

Ардагерлерді ардақтап, қарияларды құрметтеу – кейінгі буынның міндеті. Өйткені, адамның бәрі жастық шақтан өтіп, ағалық жасқа жетеді. Міне, сол шақта арттан ерген іні-қарындастың құрметі қарттарымызды қуантады, құрметке кенелтеді.

Берекелі Бесарық ауылында қария­ға құрмет көрсетудің өзіндік үрдісі қалыптасқан. Оған бір ғана мысал, ауылға демеушілік ететін «Абай-Дәу­лет» ЖШС тарапынан атаулы мерекелерде сый-құрмет жасалады. Ал ауыл орталығындағы үлкен билбордта осы елді мекенге еңбегі сіңіп, өмірі өнегеге толы қариялардың суреттері ілініп, олар үлгі етіледі. Міне, сондай құр­меттердің жалғасы ретінде ауылда ардагерлер бөлмесі ашылды.

Игілікті іс-шараға «Абай-Дәулет» ЖШС-нің директоры М.Сәрсенбаев, ауыл әкімі Д.Сәрсенбаев және ауыл қариялары қатысты. Ардагерлер бөл­ме­сінің ашылуында меценат Мұрат Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, қай кезде де еңбектің жарқын үлгісін көрсеткен ардақты ардагерлерге құрмет көрсетіле беретінін тілге тиек етті. Алдыңғы буын ақылшы болып жүрсе, кейінгі буынның құрметі зор болатынын атап, серіктестік тарапынан ауыл қарияларына жақсы жағдай жасау үшін игілікті іс жасалып жатқанын жеткізді.

Өз кезегінде ауыл әкімі Дәулет Сәрсенбаев көпшілікті Тәуелсіздік мере­кесімен құттықтап, қарттарға құр­меттің толастамайтынын айтты. Сондай-ақ, ақ жаулықты әже, өмірі өнегелі Базар­күл Асқарқызын 80 жас мерейтойымен құт­тықтап, сый-құрмет көрсетті.

Ауыл қариялары бас қосатын ардагерлер бөлмесі «Абай-Дәулет» ме­ке­месі демеушілігімен ашылды. Мұн­да қарттарға тоғызқұмалақ, шахмат ойнауға мүмкін­дік жасалған. Серік­тестіктің аға буын өкілдеріне осындай құрмет көрсетіп жатқандарына ауыл ардагерлері ризашылығын жеткізді.

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ 
25 желтоқсан 2021 ж. 424 0