Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ардагерлер бөлмесі ашылды

Ардагерлер бөлмесі ашылды

«Сыр медиа» серіктестігіне қарасты Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газеті редакциясында ардагерлер бөлмесі ашылды.
Бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы мен мүшелеріне арналған жұмыс бөлмесінің ашылуына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенов, Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Муса Келдібаев, аудандық басылымда еңбек еткен журналистика саласының майталмандары мен редакция ұжымы қатысты.
Жақында аудан әкімі Р.Рүстемов аудандағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізген болатын. Басқосуда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы әрбір мекемеде ардагерлер бөлмесі ашылса, аудандағы мекеме ұжымдары өз салаларынан зейнетке шыққан қарияларға құрмет көрсетуге жіті мән берсе деген ұсыныс айтқан еді. Сол ұсыныстан нәтиже шығарайық деп, ардагерлер бөлмесін ашуды жөн санадық.
Жұмыс бөлмесі заманауи компьютермен және принтермен жабдықталды. Сонымен қатар 80 жылдық тарихы бар аудандық басылым архивіндегі ардагерлердің қатысуымен өткен іс-шаралардан сыр шертетін суреттер стенді жасақталды.
Алдағы уақытта ардагерлер бөлмесі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Мүсілім Қалмұратұлының жұмыс кабинеті ретінде ұйым мүшелері бас қосатын, ақылдасатын, кейінгі буынға ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беретін орынға айналады деп сенемін. Аудандық газет ұжымы келесі жылы да ардагер-журналистерге құрмет көрсетуді жалғастыра береді.




26 желтоқсан 2019 ж. 1 137 0