Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбектері еленді

Еңбектері еленді

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен аудан бюд­жетінің артуында салық органдарының алатын орны ерекше. Білікті басшы, іскер ұйымдастырушы Ашраф Жүсіпов басқа­ратын аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы салық базасын ұлғайту мақсатында ауқымды жұмыстарды атқарып келеді. Егемендік мерекесіне орай сала қызметкерлері бас қосып, ат­қарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді саралап, басқарма басшысының қолынан мерекелік марапаттарға ие болды.

Мерекелік іс-шара Мемлекеттік Гимн орын­даумен басталды. Мұнан соң аудандық мем­лекеттік кірістер басқармасының басшысы Аш­раф Жүсіп­ов жиналғандарды Тәуелсіздік күні мере­кесімен құт­тықтады.

– Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – Қазақстан тарихындағы айтулы күн. Тәуелсіздік – мем­­ле­кеттіліктің берік негізі, еркін­дік­тің, тұрақ­тылықтың және ұл­та­ралық келісім­нің символы. Біздің егемендігіміз әр­бір қазақстандықтың өз елі мен жерінің игілігі үшін атқар­ған қа­жырлы еңбегімен, әрқай­сымыздың дамыған және қуатты мем­лекетте өмір сүруге деген ұм­тылысымыздың арқасында ны­ғая түседі. Са­лық органдарының барлық қызметкерлерін егемендігіміздің мерейлі мерекесімен құт­тық­тап, қызметтеріңізге табыс тілеймін, – деді бас­қарма басшысы.

Іс-шарада басқарманың бас маманы Ж.Му­саева азаттық тақы­рыбына арналған баян­дама жасап, егемендік жылдарындағы Сыр өңірінде­гі жасампаз жетіс­тіктерді талдады. Сондай-ақ, ау­дан­дық мәслихаттың депута­ты А.Ибрагимұлы салық орган­дарының қалып­тасуы мен дамуы туралы сөз сөйлеп, сала қыз­мет­керлеріне жауапты жұмыс­та жеміс тіледі.

Атап өту керек, мерекелік бас­қосуда облыс әкімінің «Алғыс хатымен» басқарманың бөлім бас­шысы А.Маханбеталиева, бас­қар­маның бас маманы Ж.Кушкар­баева, Қы­зылорда облысы бойынша Мемлекеттік кі­рістер де­пар­таментінің «Құрмет Грамотасымен» басқарманың бас маманы Ж.Мусаева мен Ж.Төлегенова марапатталды. Сондай-ақ, басқарманың бөлім басшысы Б.Ордабаевтың ата-анасы К.Ордабайұлы мен Л.Дер­бісәліқызы өз перзенттерін білімді де білікті маман ретінде тәрбиелегені үшін Қызылорда об­лысы бо­йынша Мемлекеттік кіріс­тер департаментінің «Алғыс хатын» иеленді.

Ал аудандық мемлекеттік кіріс­­тер бас­қар­масы басшысы А.Жүсіповтің «Алғыс хаты» же­ке кәсіпкер Ұ.Жамансариева, Г.Сәр­сенбаева, А.Абдуомар, Л.Ме­ке­­баева, басқарма қызметкері А.Досы­ғұлова, басқарма мұра­ғатшысы Н.Баймахановқа берілді. Мұнан бөлек, С.Сейфуллин, Ақ­жарма, Шіркейлі ауылдарының салық­шылары Э.Ұзақбаева, Н.Атым­­­­таев, С.Шайзадаев алғыс ар­қа­­лады. Қы­зыл­­орда облысы бо­йынша мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің Сыр­дария ауданындағы шаруа­шылық меңгерушісі Н.Нұр­манов пен қызметкері Н.Байбарақова да марапат алғандар қатарынан көрінді.

«ТТ» ақпарат

16 желтоқсан 2021 ж. 302 0