Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Басқарма басшысы тағайындалды

Басқарма басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрлігі Мем­лекеттік кірістер комитетінің Қы­зылорда облысы бойын­­ша Мемлекеттік кірістер де­пар­таментінің басшысы Ғ.Орын­овтың бұйрығымен Жусупов Ашраф Шагдатович Сыр­дария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Жаңа басшысыны ұжымға Қызылорда облысы бойын­ша Мемлекеттік кірістер депар­таментінің басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Нұрлыбек Бимырзаев таныстырды.

Кадрлық тағайындауға байланысты жиынға Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Бимырзаев басқарма басшысы лауазымына тағайындалып жатқан А.Жусуповтың өмірбаянына тоқталды.

– Мемлекеттік кірістер органында еңбек ету зор жауапкершілк пен біліктілікті талап етеді. Осы міндетті Жусупов Ашраф Шагдатович абыроймен атқарады деп сенеміз. Ол өзінің еңбек жолын 1992 жылы бастаған және «Бухгалтер», «Экономист», «Заңгер» біліктілігін алған. 1999-2001 жылдары Сырдария ауданы бойынша Салық комитетінде салық төлеушілермен және жеке тұлғалармен жұмыс жасау бөлімінің салық инспекторы, аға салық инспекторы, 2001-2002 жылы аудит және еріксіз өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, 2002 жылы жанама салықтар өндіріп алу бөлімінің бас маманы, 2002-2005 жылы ұйымдастырушылық-құқықтық жұмыс және өндіріп алу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2005-2006 жылдары Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінің ірі салық төлемгерлеріне аудит бөлімінің бас маманы, 2006-2007 жылдары әкімшіліктендіру бөлімінің бастығы, 2007 жылы салық аппелияциялары бөлімінің бастығы, 2007-2008 жылы заң басқармасы аппеляция, кінәрат талап қою жұмыстары және салық тексерулерді құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, 2008-2009 жылдары акциздер басқармасы акцизделетін өнімдерді әкімшіліктендіру бөлімінің бастығы, 2009-2010 жылдары жанама салықтар басқармасы акцизделетін өнімдер аудиті және әкімшілендіру бөлімінің бастығы, 2010-2012 жылдары жанама салықтарды әкімшілендіру және аудит басқармасының бас маманы болып еңбек еткен. 2012-2019 жылдары Қызылорда қаласы бойынша салық (Мемлекеттік кірістер) басқармасы бастығының орынбасары, 2019 жылғы шілде-қазан айларында Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, қазан айынан бүгінге дейін салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған, – деді департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Нұрлыбек Шонжарұлы.

Әріптестері басқарма басшысының жұмысына жеміс тілеп, жауапты жұмыста абырой биігінен көрінуге тілектестік білдірді. Өз кезегінде А.Жусупов артылған сенім мен үмітті ақтау жолында еңбек ететінін, білімі мен тәжірибесін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, салық базасының артуына жұмсайтынын атап өтті.

А.ИБРАГИМҰЛЫ
17 сәуір 2021 ж. 2 412 1

Манат от 18 сәуір 2021 05:49
Адалдық. Әділдік. Парасаттылық. Барынша осы үш ұстанымды басшылыққа алатын азамат.