Аудан әкімі салық қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Сіздерді Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қай мемлекет болмасын оның экономикалық әлеуеті мемлекеттік кірістермен, салық жүйесімен тығыз байланысты. Мемлекеттің материалдық мүддесі мен қоғамдық тынысы ел қазынасы арқылы өсіп-өркендейді.
Салықтық бақылауды ұйымдастыру жолдарын тұрақты түрде дамытып, әрқашан жаңа әдістермен түрлендіру сала қызметкерлеріне жүктелген міндет. Осы орайда, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, аудан қазынасының ұлғаюына салық қызметкерлерінің қосып келе жатқан үлесі зор.
Бюджет түсімін жыл сайынғы межеден асыра орындауға, жылдан-жылға аудан кірістері көлемінің артуына атқарып жүрген жұмыстарыңыз ерекше. Мемлекеттік кірістер саласындағы қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз. Аудан қазынасының молаюына кәсіби біліктілікпен еңбек ете береді деген сенімдемін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Руслан Рүстемов,
Сырдария ауданының әкімі