Мерекелік марапаттар табысталды
Аудан әкімі М.Ергешбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар азаматқа «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мерекелік медалін және ҚР Парламенті Сенаты Төрағасы М.Әшімбаевтың «Алғыс хатын», «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің «Құрмет Грамотасын» табыстады.
Аудан басшысы жиналғандарды ел Тәуелсіздігінің мерейлі мерекесімен құттықтады.
– Сіздер ортақ Отанымыздың, туған жеріміздің дамуына өз үлестеріңізді қосып, қажырлы еңбек етіп келесіздер. Ауданның жетістіктерінде, бағындырған белестерінде айқын қолтаңбаларыңыз бен маңдай терлеріңіз бар. Егемендікті нығайту жолында жемісті еңбек жолдарыңызды жалғастырып, көпке үлгі-өнеге көрсете бересіздер деп сенемін. Мереке жаңа жетістіктер мен шығармашылық сәттіліктер әкелсін, – деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.
Бұл жолы «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мерекелік медалімен және ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының «Құрмет Грамотасымен» аудандық мәслихат депутаттары М.Бисенов пен Е.Жақып марапатталды. Сондай-ақ, мерекелік медаль аудандық мәслихат депутаты Д.Ералиев, аудандық мәдениет үйінің директоры Н.Көшербаев, Қоғалыкөл ауылдық округінің әкімі Б.Рахымбеков, жеке кәсіпкер А.Абдуомар, аудандық емхананың бөлімше меңгерушісі С.Ерімбет, «Мырзабек» ШҚ басшысы Р.Сқақовқа берілді. Ал аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Жүсіпов «ҚР Қаржы министрлігіне 100 жыл» естелік төсбелгісіне, №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің директоры С.Сақтапова «Ел құрметі» қоғамдық қорының «Еңбек даңқы» медаліне ие болды. Сонымен қатар, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының «Алғыс хаты» мен «Nur Otan» партиясының «Құрмет Грамотасы» аудандық газеттің бас редакторы А.Ибрагимұлына берілді. Аудандық кітапхана директоры Г.Нұржакиева «Nur Otan» партиясының «Құрмет Грамотасымен» марапаталды. Облыс әкімінің «Алғыс хатына» аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Гүлназ Божан лайықты деп танылса, аудан әкімінің «Алғысымен» аудандық мәслихаттың бас маманы Айбек Сәдуақасов марапатталды.
Расул ЕСЕНОВ,
облыстық мәслихат депутаты,
Nur Otan партиясының мүшесі