Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Мерекелік медальмен марапатталды

Мерекелік медальмен марапатталды

Кеше аудан әкімі Руслан Рүстемов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматты Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы мерекелік медалімен марапаттады.

– Кез келген мемлекеттің өмір сүру қағидаттарының ең басты құжаты – ол мемлекеттік Конституциясы. Яғни, Конституция – қоғамдағы теңдік пен әділеттілік рухын қалыптастыратын әрі оны демейтін ең тегеурінді қуат көзі. Осы орайда еліміздің Ата Заңы – мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары. Мұнда ең алдымен адамның ар-намысы, құқықтық бостандықтары қамтамасыз етіледі. Бұл тұрғыда, қазақ елінің Ата Заңы сапасы жағынан әлем елдері Конституцияларының қатарында. Өйткені, біз осы Ата Заңымыз арқылы «Мәңгілік Елге» бағдарланған қоғамды құрып жатырмыз. Биыл Конституциямыздың қабылданғанына 25 жыл толып отыр. Ширек ғасырда осы құқықтық жүйенің өзегі негізінде мемлекетіміз қарқынды дамып келеді, – деді аудан әкімі.

Құттықтаудан соң аудан басшысы еңбек ардагерлері М.Сақтапов, С.Тоқсанбаев, Т.Сүлеймен, С.Сәдуақасов, Ж.Мырхиев, А.Арғынбаев, М.Жүсіпбекованы және аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеровті, құрылыс саласының маманы А.Әбдуовті (қайтыс болуына байланысты зайыбы Б.Өтегеноваға тапсырылды) мерекелік медальмен марапаттады.

29 тамыз 2020 ж. 424 0