Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқау жеңімпазын қабылдады

Байқау жеңімпазын қабылдады

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Тәуелсіздік тарландары» республикалық байқауының жеңімпазы Аружан Мұханбетқалиқызын қабылдап, құрмет көрсетті. Аудан басшысы сырдариялық жас журналисттің жетістігі – ауданның жетістігі екенін атап өтіп, «Jas Otan» Жас­тар Қанатының белді мүшесіне шығармашылық сәттілік тіледі. қабылдауға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып қатысты.

– Өздеріңізге белгілі, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Jas Otan» Жастар Қанаты «Тәуелсіздік тарландары» атты байқау ұйымдастырған болатын. Аталған республикалық байқауға еліміз бойынша 500-ден астам жас қатысып, бақ сынаса, Сыр өңірінен, оның ішінде Сырдария ауданынан да белсенді жастар байқауға өз шығармаларын ұсынды. Бізге Нұр-Сұлтан қаласындағы «Jas Otan» жастар қанатының орталық аппаратынан қуанышты жаңалық келіп жетті. Ауданымыздың белсенді жасы, «Jas Otan» Жастар Қанатының белді мүшесі, жас журналист Аружан Мұханбетқали республикалық байқаудың бас жүлдесін иеленіп отыр. Бұл – аудан жастарының ортақ қуанышы деп білемін. Сондықтан Аружанды жеңімпаз атануымен құттықтаймын, шығармашылық сәттіліктер тілеймін, – деген аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы байқау жеңімпазына «Jas Otan» Жас­тар Қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың Алғыс хатын және «Jas Otan»-ның имидждік көрнекі құралдарын табыстады.

Қабылдауда аудандық мәслихат депутаты, «Jas Otan» Жастар Қанатының аудандық бөлімшесінің басшысы Ақтөре Ибрагимұлы жастар саясатының басым бағыттары мен алдағы жоспарларды орындауға жасотандықтар үлес қосуға дайын екенін айтып, жалынды жастың жетістігін елеп, ескеріп, құрмет көрсеткен аудан басшысына шынайы ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде республикалық «Тәуелсіздік тарландары» байқауының жеңімпазы Аружан Мұханбетқали жалынды жастық шағын және білімін ауданның дамуы­на, оның ішінде ақпараттық-насихаттық жұмыстарға арнайтынын жеткізді.

Гүлсім ӘЛЖАНОВА
04 қыркүйек 2021 ж. 335 0