Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 11-сес­­­­­сиясы өтті. Аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов төр­ағалық еткен сессияға депу­таттардан бөлек, аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, мекеме, бөлім басшылары, кент жә­не ауыл әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде негізгі 6 мәселе қаралды. Е.Әжікенов ау­данның әлеуметтік-экономикалық дамуының соңғы қорытындыларына тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстар мен бюджет қаржысының мақ­сатты, тиімді жұмсалуы депутаттар бақылауында екенін атады. Сонымен бірге, сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелермен таныстырды.

Бірінші мәселе аудандық мәслихаттың №468, 475, 479, 481 шешімде­ріне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Е.Ахетов хабарлама жасады. Бө­лім басшысы аудандық бюджеттің кірістері мен трансферттер жөнінде ақпарат берді.

– Аудандық мәслихат депутаттарының ұсынысына сәйкес 2021 жыл­ға арналған шығындардың бағыттарын ауыстыру жоспарлануда. Үнемделген және игерілмейтін қаржылар шегеріледі, сондай-ақ, кезек күттірмейтін жұмыстарды реттеуге бағытталады. Әлеуметтік салаға, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жұмыстарына, газ құбырлары желі­сінің құрылысына, жер телімін дайындауға және басқа да мәселелерге бюд­жеттен қаржы бөлу ұсынылады, – деді бөлім басшысы.

Аталған мәселелер бойынша депутаттар өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Шешім жобасы мақұлданып, бекітілді. Мұнан бөлек, сессияда аудан әкім­дігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің әдіскері Т.Нұрсұлтанұлы түсініктеме жасады. Сонымен қатар, аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Б.Өтегенова хабарлама жасап, аудандық сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс ен­гізілді. Бұл мәселе бойынша депутаттардың қолдауымен шешім жобасы мақұлданды.

Сессия соңында аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов Ел Тәуел­сіз­­­дігінің 30 жылдығына орай Президенттің Жарлығымен мемлекеттік наградамен марапатталған депутаттарды құттықтап, еңбекте жеміс ті­леді. Мәслихат аппараты жылды жемісті қорытындылап отырғанына назар аударып, алдағы уақытта да жергілікті атқарушы органмен бірлесе нәтижелі жұмыстар жасала беретініне сенім білдірді.


Расул ЕСЕНОВ,
облыстық мәслихат депутаты,
Nur Otan партиясының мүшесі



16 желтоқсан 2021 ж. 332 0