Күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті
Сырдария ауданы бойынша №129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушылары арасында күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери борышын өтеудің маңыздылығы, әскери қызметтің ерекшеліктері, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық тәрбиенің мәні туралы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, әскери қызметке шақыру тәртібі, мерзімді әскери қызметтің талаптары мен жастарға берілетін мүмкіндіктер жөнінде ақпараттар ұсынылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, Отан алдындағы азаматтық борышын сезінуге және ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуға тәрбиелеу.










