Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірқатар шешімге өзгеріс енгізілді

Бірқатар шешімге өзгеріс енгізілді

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 57-сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихаттың жауапты қызметкерлері, тиісті бөлім басшылары, кент және ауыл әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
«Скайп» желісі арқылы бейнекон­фе­рен­циялық байланыста өткізілген кезектен тыс сессияны аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 23 желтоқсандағы №361 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және бюд­жетті жос­парлау бөлімінің басшысы Ғ.Акбаров түсініктеме берді. Бөлім басшысы жылдың қорытындылануға жақын қал­ғанын айтып, мекемелер тарапынан түскен ұсыныстарға бай­ланысты өзекті мәселелерді шешу үшін бірқатар қар­жылар бағытталғанын жеткізді. Екінші мәселе «Сырдария ауданының учас­келік сайлау комиссияларын сайлау туралы» ау­дандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаң­­­тардағы №273 шешіміне өзгерістер ен­гізуге арналды. Аудандық сайлау ко­миссиясының төрағасы Б.Өтегенова ха­барлама жасады. Күн тәртібіндегі үшінші мә­селе «Қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 22 ақ­пандағы №291 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жө­­нін­дегі жұмыс тобының мүшесі Д.Байдушев ақпарат берді.
Барлық мәселелер тыңдалып, талқылан­ғаннан кейін депутаттар күн тәртібіндегі мәсе­лелер бойынша шешім қа­былдады.

А.ИБРАГИМҰЛЫ
07 қараша 2020 ж. 588 0