Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы


Құрметті қауым!
Қадірлі жерлестер
!
Бүгін ата-бабаларымыздың жүздеген жылдар бойғы арман-тілегі ақиқатқа айналған, ғасырлар тоғысында бой көтерген Тәуелсіз Мемлекетіміздің ең басты мерекесі. Баршаңызды еліміздің осынау ең ұлық мейрамы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жер бетіндегі қай халық үшін де Тәуелсіздіктен биік ұлы мұрат жоқ. Еліміздің Тәуелсіздігі – ұлтымыздың ежелден еркіндік аңсаған асқақ рухының және ұлт тарихындағы барлық азаттық үшін болған күрестердің жеңісі. Тарихи жолды жүріп өткен бабаларымыздың халық болып бірігуді, ел болып қалануды, еркіндікті аңсаған арманы 1991 жылы жүзеге асты. Сол жылдан бастап тарих бетінде Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті қалыптасты.
26 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елінің негізін қалап, елін жарқын болашаққа жетелеген Ұлт Көшбасшысымен бірге түрлі қиындықтар мен сынақтардан аман өтіп келеміз. Тарихи тұрғыдан алғанда 26 жыл аз мерзім болғанымен, егемен елімізде ғасырға татитын ауқымды жұмыстар атқарылды. Біз бүгінде әлемнің бәсекеге қабілетті 30 мемлекетінің қатарына қосылуды мақсат етіп, өз бағытымызды айқындадық.
Бүгінде Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – Орта Азияның ғана емес, бүкіләлемдік мәселелерді талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын беделді елге айналды.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікірімен бүгінде әлем саясаткерлері санасатын болды. Осындай дана саясаткер Басшысы бар Қазақстан – шекарасы нақтыланған, рәміздері айшықталған, тілі мен төл теңгесі бар, әскери әлеуеті артқан және әлем таныған Астанасы бар іргелі мемлекет.
Құрметті сырдариялықтар!
Даму белестеріне қадам басқан Сырдария ауданында да жасампаз жұмыстар атқарылды.
Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығын Сырдария ауданының тұрғындары мен еңбеккерлері табысты қарсы алып отыр. Барлық салада даму, өсу бар. Жоспарлар артығымен орындалды. Алқабы алтын дәнге, өрісі төрт-түлік малға толған берекелі аудан биыл да жақсы нәтижелерімен көрінді.
Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз.
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды, еліміз еңселі болсын! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
аудан әкімі Ғ.ҚАЗАНТАЕВ

15 желтоқсан 2017 ж. 2 403 0