Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Ардақты ағайын!
Құрметті сырдариялықтар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік күні – еліміз үшін ең басты әрі ең ұлық мереке. Біз бүгінгі жеңістеріміз бен жетістіктеріміздің барлығына азаттығымыздың арқасында қол жеткіздік.

Тарлан тарихтың өлшемімен бағамдасақ, 29 жылдың қас-қағым сәт екені сөзсіз. Соған қарамастан біз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерді бағындырдық. Шекарамызды бекітіп, мемлекеттігімізді мызғымастай етіп қалыптастырдық. Ішкі және сыртқы саясатта биіктерден көрініп, әлемдік қауымдастықта үлкен абырой-беделге ие болдық. Тіпті халықаралық күн тәртібін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын ірі орталыққа да айналдық. Осы­ның бәрі – Тәуелсіздіктің тартуы.

Азаттық – тұтас бір елдің, бүтін бір халықтың тағ­дырын айшықтап тұрған қастерлі де қасиетті ұғым. Қазіргі таңда жер бетінде мыңдаған халық болса, соның 200-і ғана өз алдына дербес ел болып отыр. Сондықтан Тәуелсіздік – біз үшін басымызға қонған бақыт және ата-бабамыздың сан ғасырдан бері күткен асыл арманы. Осы бақытымызды баянды ету үшін Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, елдік мүдде жолында еселі еңбек ету – әр қазақстандықтың абыройлы міндеті болуы тиіс.

Осынау қастерлі де қасиетті мерекемен баршаңызды құттықтай отырып, әр шаңыраққа бақыт пен береке тілеймін.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз іргелі болып, Қазақ Елі мәңгілік жасай берсін!

Құрметпен, Талғат ДҮЙСЕБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
16 желтоқсан 2020 ж. 721 0