АУДАН ƏКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды ата-бабаларымыздың жүздеген жылдар бойғы арман-тілегі ақиқатқа айналған, ғасырлар тоғысында бой көтерген Тәуелсіз Мемлекетіміздің ең басты мерекесі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жер бетіндегі қай халық үшін де Тәуелсіздіктен биік ұлы мұрат жоқ. Еліміздің Тәуелсіздігі – ұлтымыздың ежелден еркіндік аңсаған асқақ рухының және ұлт тарихындағы барлық азаттық үшін болған күрестердің жеңісі.
27 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елінің негізін қалап, елін жарқын болашаққа жетелеген Ұлт Көшбасшысымен бірге түрлі қиындықтар мен сынақтардан аман өтіп келеміз.
Тарихи тұрғыдан алғанда 27 жыл аз мерзім болғанымен, егемен елімізде ғасырға татитын ауқымды жұмыстар атқарылды. Біз бүгінде әлемнің бәсекеге қабілетті 30 мемлекетінің қатарына қосылуды мақсат етіп, өз бағытымызды айқындадық.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікірімен бүгінде әлем саясаткерлері санасатын болды.
Осындай дана саясаткер Басшысы бар Қазақстан – шекарасы нақтыланған, рәміздері айшықталған, тілі мен төл теңгесі бар, әскери әлеуеті артқан және әлем таныған Астанасы бар іргелі мемлекет.
Қазақстанның бүгінгі бағындырған биіктерінің ең басты тұғыры – бірлік пен береке. Еліміз барлық ұлт пен ұлыстың алтын ордасына айналып, ұлтаралық келісімнің ерекше үлгісін жасай білді.
Құрметті сырдариялықтар!
Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығын Сырдария ауданының тұрғындары мен еңбеккерлері табысты қарсы алып отыр. Барлық салада даму, өсу бар. Жоспарлар артығымен орындалды. Алқабы алтын дәнге, өрісі төрт түлік малға толған берекелі аудан биыл да жақсы нәтижелерімен көрінді.
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні –мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!
Құрметпен,
Ғанибек Қазантаев,
Сырдария ауданының əкімі