Ұжыммен жазылуды үрдіске айналдырған
Аудандағы ірі шаруашылықтар баспасөзге жазылу науқанының екінші жартыжылдығында да белсенділік танытуда. Осы орайда іскер басшы Алданберген Құлбаев басқаратын «Қызылдихан» шаруа қожалығы жыл сайын аудандық газетке ұжыммен жазылуды үрдіске айналдырған.
Ауыл шаруашылығы саласында тәжірибесі мол шаруашылық төрағасы аудандағы жалғыз басылыммен тығыз әріптестік байланыс орнатып, баспасөз науқанына қолдау білдіріп келеді. Тиісінше, шаруашылықтың игі істері, ерте көктемнен алтын күзге дейінгі қауырт тіршілігі, озат еңбеккерлер басылым бетінде кеңінен ақпараттандырылуда.
– Мерзімді басылымдарға тұрақты жазыламыз. Оның ішінде аудан айнасы болған «Тіршілік тынысы» газетіне алдымен жазылып, оның әр нөмірін қалт жібермейміз. Өйткені төл басылымда аудандағы барлық жаңалықтар қамтылады. Сондай-ақ аудандық газет осы өлкедегі шаруашылықтардың жұмысын ақпараттандыруды, еңбеккерлерге қолдау білдіруді назардан тыс қалдырған емес. Мұның өзі біздің жұмысымызға серпін береді. Жақында аудан әкімі Руслан Рүстемов шаруашылық жұмысымен танысқан болатын. Аудан басшысының сол сапары басылым бетінде кеңінен ақпараттандырылды. Мұның өзі біздің шаруашылық жұмысының жандануына септігін тигізді. Сондықтан аудандық газет ұжымына шығармашылық табыс тілеймін, – дейді шаруашылық төрағасы А.Құлбаев.
Жыл сайынғы газетке жазылу науқанында шаруашылықтардың ішінде алғашқылардың бірі болып «Қызылдихан» ШҚ ұжымы 30 дана аудандық газетке жазылады. Білікті басшы басқаратын ұжымның төл басылымға деген жанашырлығына ризашылығымызды білдіреміз. Жұмыстарына толағай табыс тілейміз.
«ТТ» ақпарат