Төл газетке түгел жазылған ұжым
Қазір баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатыр. Көзі қарақты оқырман ауданда болып жатқан жаңалықтармен үнемі танысып отыру үшін аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне жазылуда. Осы тұста, аудандық басылымды мемлекеттік мекемелер мен көптеген ұжымдар арнайы жаздырып, оқиды. Солардың қатарында ұжыммен толық газетке жазылған аудандық әуез мектебі ұжымын атап айтуға болады. Марат Сәдуақасов басқаратын мекеме қызметкерлері – газеттің тұрақты оқырманы. Олар жыл сайынғы баспасөзге жазылу науқанында белсенділік танытады.
– Уақытылы газет алып, аудан жаңалықтарымен аудандық газет арқылы танысамыз. Аудан өнерпаздары жетістікке жете қалса, ол міндетті түрде газет бетінде сүйіншіленеді. Жалпы аудандық әуез мектебі мен аудандық басылым арасында тығыз байланыс орнаған. Ауданның әрбір тұрғыны аудандық газеттің тұрақты оқырманы болуы керек деп санаймын, – дейді мектеп директоры.
Ауданның өнеріне өзіндік үлес қосып келе жатқан ұжымға алғыс айта отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
«ТТ» ақпарат