Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Төл газетке түгел жазылған ұжым

Төл газетке түгел жазылған ұжым

Қазір аудан айнасына айналған «Тіршілік тынысы» газетіне 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығына жа­зылу жүріп жатыр. Көзі қарақты оқырман аудан жаңалықтарының жаршысы «Тіршілік тынысы» газетіне жарыса жазылуда. Осы ретте, аудандық басы­лымға жеке тұлғалармен қатар мемлекеттік мекемелер мен ұжымдар үлкен жанашырлық танытып, асыға жазылатынын айта кеткеніміз жөн.

Сырдария аудандық №12 өрт сөндіру бөлімі редакциямен ұдайы байланыста. Бағдат Алиев басшылық етіп отырған бөлім биылғы жазылу науқанына да бел­сенді түрде атсалысуда. Бүгінгі күннің өзінде ұжым қыз­­мет­керлері аудандық газетке түгел жазылған.

Күн мен түнге қарамай халық қауіпсіздігін қамта­масыз етіп, төтенше жағдайлардың алдын алып жүр­ген бөлім қызметкерлері аудандық басылым ар­қылы халыққа қауіпсіздік жөнінде ақпараттар жариялап оты­рады.

– Мерзімді басылымдарға ұжыммен тұрақты түр­де жазыламыз. Оның ішінде, аудан жаңалықтарын уа­қытылы халыққа жеткізіп отырған «Тіршілік тынысы» газетінің әр нөмерін қалт жібермейміз. Бүгінгі қоғамда «газеттің қолданыс аясы тарылып барады» деген тү­сінік қалыптасуда. Бірақ, бұл қате пікір деп білемін. Ау­дандық газет өз кезегінде аймақ жаңалықтарын қалт жібермейді және халық та асыға күтіп оқиды, – дейді бөлім басшысының орынбасары Келдібай Ақашов.

Айта кетейік, Сырдария аудандық №12 өрт сөндіру бөлімінде бүгінде 35 қызметкер аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Бірлігі жарасқан ұжым қай істе те ауызбіршілік танытып, бірлескен ең­бектің жарқын үлгісін көрсетуде.

«Халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» болған басы­лымға жазылушылар саны жыл санап артып келеді. Төтенше жағдайлардың алдын алып жүр­ген бөлім қызметкерлерінің аудандық басылымға түгел жазыл­ғанына ризашылығымызды білдіріп, жұмыс­тарына же­міс тілейміз.

«ТТ» ақпарат
27 қараша 2021 ж. 734 0