Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елі үшін туған перзенттер

Елі үшін туған перзенттер

Өткен аптада аудандық полиция бөлімінің қызмет­керлері «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасов пен ІІ дә­режелі «Айбын» орденінің иегері Талғат Қозыбаевты еске алу іс-шарасын өткізді. Осыдан 10 жыл бұрын Ғазиз Байтасов қызмет бабында жүріп, қылмыскер қолынан қаза тапты. Ал сырдариялық Талғат Қозыбаев Небәрі жиырма бес жасында өшпес ерлігімен елге танылды. Бұл ретте, ел қорғаны болған батырлардың есімі республика көлемінде ұлықталды.

Тәртіп сақшылары жанкештілік танытып, оқиға орнында қаза тапқан әріп­тестерін бір минут үнсіздікпен ес­ке алды. Сонымен бірге, №131 Тал­ғат Қозыбаев атындағы орта мектеп ауласында орналасқан бюьстке гүл шоқтарын қойды. Қатал тәртіпті қы­рағы қызметпен ұштастырған қос батырдың ерлігі жайында аудандық полиция бөлімі бастығының кадр сая­­саты жөніндегі орынбасары Ербол Жанәлиев айтып берді.

– «Еліңді сүйсең, ерлік істейсің» де­ген қазақта тәмсіл бар. Біздің мақ­тан етер батырларымыз елі үшін жан­қиярлық батыл қадамға барды. Олардың Отанды қорғау үшін еткен еңбегін мақтан тұтамыз. Кеудесін оққа тосып, қырағылық танытқан әріп­тестеріміздің жүріп өткен жолы жас­ буынға үлгі болуы тиіс. Айбынды ұлан­дардың артында саналы ұрпақ қалды. Түн ұйқысын төрт бөлген ана қайғыға батты. Әкенің жанына ауыр тиді. Бей­біт күннің батырларын еске ала оты­­рып, көпшілікке өшпес ерліктерін кеңінен насихаттайтын боламыз, – деді Ербол Жанәлиев.

Елі үшін туған перзенттердің өшпес ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
16 қараша 2021 ж. 391 0