Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық газет тілшілері «Тәуелсіздік шежіресі» айдары бойынша ауданның 30 жылдағы тарихын саралап шықты

Аудандық газет тілшілері «Тәуелсіздік шежіресі» айдары бойынша ауданның 30 жылдағы тарихын саралап шықты

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерейтойына орай аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшілері егемендік жылдарындағы Сырдария ауданындағы тарихи оқиғалар мен жарқын жетістіктерді саралап шықты. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін аудандық газетте ауданымызда 1991 жылдан бастап өткізілген маңызды оқиғалар, жиналыстар, жаңалықтар туралы кең көлемді ақпараттық мақалалар жарияланды.

«Тәуелсіздік шежіресі» айдарына сай әзірленген мақалалар топтамасын оқырман қауым ерекше ықыласпен қабылдады. Тұрақты оқырмандарымыздың бірі, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Алма Бақтиярова жаңа айдар арқылы жүргізілген ізденіс жұмыстарының идеологиялық маңызы жоғары екенін айтады.

– Сырдариялықтардың сүйікті басылымына айналған аудандық «Тіршілік тынысы» газеті редакциясы бүгінде ақпарат айдынында өзіндік орны қалыптасқан іргелі шығармашылық ұйымға айналды. Аудандық басылым аудан жаңалықтарын насихаттаумен қатар, ұлт руханиятын ұлықтап, елдік сананың еңсесін тіктеу ісіне өлшеусіз еңбек сіңіріп келеді. Елбасының және Мемлекет басшысының сындарлы саясатын, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің ел мүддесі жолында атқарып жатқан қызметі мен қарапайым еңбек адамдарының тыныс-тіршілігін қалың жұртшылық аудандық газеттен оқып, білуде. Осы ретте ордалы отыз жылдық мерейтойға орай «Тәуелсіздік шежіресі» айдары бойынша ақпараттық мақалалар жарияланды. Аудандық газет тілшілері әр жылдары ауданда жүргізілген ауқымды жұмыстарды қайта тізбектеп, саралап, талдап, журналистік шеберлікпен оқырман қауымға ұсынды. Бұл жұмыстардың идеологиялық маңызы жоғары әрі келешек ұрпаққа берері мол, – дейді «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Алма Бақтиярова.

Атап өту қажет, «Тәуелсіздік шежіресі» айдары бойынша ақпараттық мақалаларды әзірлеуге Рахымжан Түрікбаев басқаратын Сырдария Аудандык Архивінің ұжымы көп көмектесті. Ал мақалаларды Шахарбек Нурсейтов, Ердос Беркінбаев, Бибісара Жанәлі, Балтабай Ордабеков, Аружан Мұханбетқали дайындады.
12 қараша 2021 ж. 425 0