Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Оқырмандарды бірлесе еңбек етуге шақырды

Оқырмандарды бірлесе еңбек етуге шақырды

Кез келген басылымның күші, арқасүйері ойлы оқырман екені белгілі. Оқырман қауым газеттен тұщымды мақалалар мен ақпараттар күтеді. Осы ретте, аудандық газеттің бас редакторының міндетін атқаруға кіріскен Ақтөре Ибрагимұлы «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы арқылы оқырман қауымға ой тастап, бірлесе еңбек етуге шақырды.

«Өздеріңізге белгілі, аудандық "Тіршілік тынысы" газеті бас редакторының міндетін атқаруға кірістім. Бұл зор жауапкершілік және артылған сенім екенін терең сезінемін. 80 жылдық тарихы бар аудандық газетте елімізге белгілі көптеген қаламгерлер еңбек етті. Ауданның тыныс-тіршілігін, қоғамның дамуын, жергілікті атқарушы билік тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарды аудан тұрғындары басылым арқылы біліп, танысып келеді. Яғни, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында аудандық газеттің өзіндік орны бар деп нық айта аламыз. Ендігі кезекте аудандық газетті түрлендіріп, сапалы ақпараттар жариялап, оқырман қауымның көңілінен шығу бағытында нақты жұмыстар жүргізілуі қажет. Осы ретте, Сіздерді аудандық газетке жазылуға және басылымға қатысты ұсыныс-пікірлеріңіз болса, айтып, бізге қозғау салып, бірлесе еңбек етуге шақырамын. Біз үшін әрбір оқырманның ойы, ұсынысы маңызды» делінген әлеуметтік желіде жарияланған жазбада.

Айта кету керек, бүгінде аудандық газеттің 3000-нан астам оқырманы бар. Яғни, басылым аптасына екі мәрте 3000-нан астам отбасыға таратылады. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынбақ.

"ТТ" ақпарат
17 қазан 2019 ж. 1 018 0