Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қызылорда қаласындағы «Тағзым алаңында» Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Сауда сөрелеріне ауыл шаруашылығы өнімдері қойылып, қала тұрғындарына қолжетімді бағамен ұсынылуда. Жалпы, жәрмеңкеге өнім тиелген 42 көлік жеткізілді.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жергілікті өнім өндірушілерді қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өткізілуіне жағдай жасау және тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету.

08 қараша 2026 ж. 21 0