Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Күріш өсірудің тың технологиясын ұсынды

Күріш өсірудің тың технологиясын ұсынды

Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебайдың төрағалығымен алдағы жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егіс көлемі жөнінде мәжіліс өтіп, маңызды мәселелер талқыланды.

Аталған жиында 2022 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егіс көлемі туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрбол Жұмабековтың баяндамасы тыңдалды және «Сырдариясушар» өндірістік учаске басшысы Бектұрған Искаков Сырдария өзеніндегі судың жағдайы туралы баяндады. Сонымен қатар аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Бағлан Мейрамбекұлы жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі мәселелерді жіпке тізді.

Жиынға арнайы Өзбекстан Республикасы Хиуа қаласынан келген «UZKAZ Agro» ЖШС мамандары Бермағанбет Шайымов пен Хадам Хожаниязов күріш дақылын егудің озық технологиясымен бөлісті. Олардың айтуынша, күрішті көшеттеп өсіру технологиясы біздің өңірге өте қолайлы. Суды үнемдей отырып, мол өнім алуға мүмкіндік береді. Мұнымен қоса бұрыннан егіліп келе жатқан күріш сорттарының орнына өнімділігі жоғары жаңа сортты енгізе отырып, әлемдік сауда нарығына шығуға жол ашамыз, дейді шетелдік ауылшаруашылығының мамандары. Өзбекстан елінінен келген сала мамандары бұл тың әдісті тікелей өндіріске енгізу қажет деген ұсынысын білдірді.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Бақтығалиұлы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

12 қараша 2021 ж. 409 0