Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімшілік рәсімдік кодекс заң үстемдігін реттейді

Әкімшілік рәсімдік кодекс заң үстемдігін реттейді

Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтардың заң аясында құқығын қорғайды.Осы Кодекс арқылы мемлекеттік орган­дардың ішкі әкімшілік рәсімдерді жүзеге асы­руға байланысты қатынастары, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібі реттеледі.

Мемлекеттік, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар осы кодексте көрсетілген қатынастардың қа­тысу­шылары болып табылады.

Әкімшілік істерді соттың атынан әрекет ете­­­тін судья жеке-дара қарайды және шешім шығарады.

Әкімшілік сот ісін мамандандырылған аудан­дық және оларға теңестірілген әкімшілік соттар жүргізеді. Егер әкімшілік-аумақтық бір­ліктің аумағында мамандандырылған аудан­дық немесе оған теңестірілген әкімшілік сот болмаса, оның соттылығына жатқызылған әкімшілік істерді аудандық сот белгіленген тәртіппен қарайды.

Талап қоюшы, жауапкер, мүдделі тұлға және прокурор әкімшілік процеске қатысушылар ретін­де белгіленеді. Әкімшілік сот ісін жүргізуде өкілдік ету Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің қағидалары бойынша іске асырылады. Бұл Кодексте татуластыру рәсімдері қарал­ғанын айта кеткен жөн.

Тараптар өзара жол беру арқылы әкімшілік процестің барлық кезеңінде сот шешім шы­ғаруға кеткенге дейін татуласу немесе дау­ды партисипативтік рәсім тәртібімен, яғни екі тараптың адвокаттарының дауды реттеуге жәр­демдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз әкімшілік істі аяқтай алады. Сот тараптардың татуласуы үшін шара қабылдайды, дауды процестің бүкіл сатысында реттеуге көмектеседі.

Дау айту, мәжбүрлеу, әрекет жасау, тану туралы талап қою сотқа берілетін талап қоюлар болып табылады.

Сот дауды шешім арқылы реттейді. Шешім қысқаша түрде шығарылуы мүмкін. Шешім әкімшілік істі талқылаудан кейін шығарылады және ауызша талқылау аяқталған күннен бас­тап он жұмыс күнінен кешіктірілмей әзірленеді. Алайда, әкімшілік істің күрделілігі ескеріле отырып, соттың шешімі ауызша талқылау аяқталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей дайындалуы да қарастырылған.

Сонымен қатар, аталған Кодекстің 173-бабында көрсетілгендей, соттың шешімін дереу орындауға жіберу құқығы қарастырған.

Руслан АЛДАМБЕРГЕНОВ,
аудандық сот төрағасы
02 қараша 2021 ж. 352 0