Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңадан ашылған мамандандырылған сотқа 54 арыз келіп түсті

Жаңадан ашылған мамандандырылған сотқа 54 арыз келіп түсті

Елімізде 1 шілдеден бастап әкімшілік алқа мен мамандандырылған әкімшілік соттар өз жұмысын бастады. Жаңа сот жүйесінде әкімшілік іс жүргізу тәртібімен жария-құқықтық қатынастардан туындаған даулар қаралады. Осы уақытқа дейін сот өндірісіне 54 әкімшілік іс келіп түскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Оспанова мәлімдеді.

«Әкімшілік істер бойынша талаптарын азаматтар аудандық соттарға да беруге құқылы. Бірақ талап кәсіпкерлікпен байланысты болмауы керек. Сондай-ақ, құқық субъектілері арасындағы бір тараптың екінші тарапқа қатысты өктемдік өкілеттіктерін жүргізуіне байланысты билік-бағыну қатынастары да қаралады. Оның жауапкері мемлекеттік орган, басқа да әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға болуы мүмкін. Сонымен қатар, сот орындаушылардың әрекеттеріне де келтірілген даулар осы әкімшілік іс жүргізу тәртібімен орындалады. Осы жылдың шілде айында облыс көлемінде 54 талап қою түскен болса, оның 7-і әкімшілік сотта қарауға жатпайды деп танылды», - деді Ж.Оспанова.

Егер, жауапкер соттың шешімін, татуласу рәсімдерін жүргізу нәтижесінде жасалған келсімдерді орындамаса, оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, ақшалай өндіріп алу шарасы қолданады. Жауапкер әрі қарай да талаптарды орындамауды жалғасырса шаралар қатаңдатылатын болады.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Гүлжан Мырзатаеваның айтуынша әкімшілік істер бойынша талап арыздарды азаматтар аудандық соттарға да беруге құқылы. Әкімшілік сот ісін жүргізуді мамандандырылған аудандық соттармен қатар оларға теңестірілген әкімшілік соттар да жүзеге асыра алады.

Әкімшілік соттың тағы бір артықшылығы, істерді уақытылы қарауға басымдық беріліп, азаматтардан түскен арыздың дұрыстығы жедел тексеріледі және тиісті жауапкерді анықтауға да соттың ықпалы тиеді. Бұл өзкезегінде арыздардың кері қайтарылмауына мүмкіндік береді.
30 шілде 2021 ж. 433 0