Сот жүйесін жетілдіруге бағытталған құжат
Бұл заң мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі сот жүйесін жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда әр түрлі жария-құқықтық дауларды шешуде тараптардың теңдігін,қоғамның сотқа деген сенімін арттыру, сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз ету мақсатын көздейді.
Әкімшілік рәсімдердің міндеттері жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру, жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу, тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету, жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.
Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу.
Әкімшілік орган, лауазымды адам жолданымдарды қабылдайды және тіркейді, оларды және қоса берілген құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдеседі, формальды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік береді, әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелері бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады және алады, әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдаудың орны мен уақыты туралы күні бұрын хабардар етеді.
А.Мизанбаев,
Сырдария аудандық сотының судьясы