Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот жүйесін жетілдіруге арналған құжат

Сот жүйесін жетілдіруге арналған құжат

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қолданысқа ен­гі­зілуіне де санаулы уақыт қалды. Әкімшілік әділеттің өр­кендеуіне жол ашатын бұл құжат биылғы жылдың 1 шіл­десінен бастап тәжірибеге қосылмақ.

Жалпы, бұған дейін қоғамда қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер қаралатын болса, енді сот ісін жүргізудің жаңа институты пайда болуда.

Қоғамның қызу талқысына салынып, заң­герлердің үлкен елегінен өткен жаңа заң­нама мемлекеттік құрылымда, қоғамда бетбұрыс жасайтын тың жаңашылдыққа толы. Кодекс жария-құқықтық дау кезінде мемлекеттік құрылымдар мен қарапайым азаматтардың теңдей мүмкіндікке ие бо-луын қамтиды. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің мақсаты – мемлекеттік, әкімшілік құрылым мен жеке тұлға арасындағы дауды тиімді шешу. Яғни, бұрын мұндай істер (жеке тұлға мен мемлекеттік құрылымның қатысуымен болатын істер) азаматтық соттарда қаралып келгендіктен, мемлекеттік ұйымдардың бәсі басым болатын. Ал жаңа Кодекске сәйкес, мемлекеттік құрылым мен квазисектор өкілдері тек жауапкер болып табылады. Сонымен қатар жаңа заң бо-йынша судья шешім шығарып қана қоймай, оның орындалуын қадағалайды. Лауазымды тұлға немесе жауап беруші тарап шешімді орындамаған жағдайда олардан 50-ден 100 АЕК мөлшерінде қаржы өндіріледі. Шешім орындалмайынша, судья ол адамды жауапкершіліктен босатпайды.

Әкімшілік процестің азаматтық процес­тен ең басты айырмашылығы – соттың белсенді рөліне қатысты. Енді судья тараптар ұсынған дәлелдермен шектеліп қалмайды. Өзі байқап, көріп отырған құқықтық салдарды жойып, өз бастамасымен жаңа анықтама, құжат, дәлелдер сұрата алады. Енді Кодекс-ке сәйкес дәлелдеу міндеті даулы актіні шы­ғарған немесе қабылдаған мемлекеттік ор­ган­ға жүктеліп отыр.

Сондай-ақ бұл Кодекс қолданысқа ен­гізіл­геннен кейін, «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлға­лардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы, Азаматтық іс жүргізу кодексінің 27,28,29-бөлімдері ӘРПК-ға өтіп, күшін жоя­­ды. Кодекс тараптардың қоғамдық-құ­қықтық даулары бойынша қатынастарын және әкімшілік процедураның өзін реттейді. Азаматтар мемлекеттік немесе әкімшілік органмен, басқа да лауазымды тұлғалармен дау туындаған жағдайда әкімшілік соттарға жүгінеді.

Жаңа заңнама мемлекеттік органдарға дәлелдеу міндетін жүктей отырып, соттың процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалған жағдайларда, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына алып келсе, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқығын белгілеген. Кодекс­те тараптарды ымыраға келтіру шараларын белсенді түрде қолдану да ұсынылған. Тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.


Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қар­са­ңында іске асырылып отырған әкімшілік реформа сот жүйесіне ғана емес, азаматтар үшін де тиімді қызмет көрсетеді деп сенеміз.


Руслан Алдамбергенов,
Сырдария аудандық
сотының төрағасы
26 мамыр 2021 ж. 372 0