Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кодекс нормалары түсіндірілді

Кодекс нормалары түсіндірілді

Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-про­цестік кодекс нормаларын түсіндіру бойынша семинар өтті. Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Руслан Алдамбергенов, сот қызметкерлері, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Бағлан Мейрамбекұлы қатысты.
Семинарды ашқан аудандық сот төрағасы әкімшілік сот төрелігінің міндеттері мен қағидаларына тоқталып, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормалары бо­йынша істерді қарау тәртібі туралы егжей-тегжейлі түсіндірме берді.
Аталған кодекс нормалары, ең алдымен, мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, лицензиялау және хабарлама рәсімдері, оларға қарсы тұру, басқа да маңызды мәселелер сияқты салаларға қатысты. Осы ретте, аудандық сотқа түсіп жатқан даулардың ауқымды бөлігін жер қа­тынастарына байланысты туындаған даулар құрап отыр. Меншік құқығын және жерді пайдалану құқығын ұсынған немесе тоқтатқан кезде жер заңнамасы нор­маларының бұзылуы, азаматтарға жер теліміндеріне құқық беру, олардың шекарасын белгілеу туралы әкім шешімдері мен әкімдік қаулыларының заңсыздығы, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдардың әрекетсіздігі даулардың негізгі себептері болуда.
Осыған байланысты аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов аталған санатта түсетін даулардың алдын алу мақсатында сала қызметкерлеріне халықпен тығыз байланыс орнатып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуге шақырды.
Іс-шара барысында семинарға қатысушылар пікір алмасып, қойылған сұрақ­тарға жан-жақты жауаптар алды.

«ТТ» ақпарат
23 қазан 2021 ж. 394 0