Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жас ұстаздармен кездесті

Жас ұстаздармен кездесті

Жақында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей базасында «Мамандығым- мақтанышым» тақырыбында биылғы оқу жылында қабылданған жас мамандармен кездесу өткізілді. Оған аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Есназар, ардагер ұстаз С.Шамшадинқызы, №35 мектеп-лицейінің директоры Б.Бақбергенова №36 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Жас мамандар» жетекшісі Бибігүл Спан және №35 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Жакиева қатысты.

Кездесуді білім бөлімінің басшысы Б.Жәнібеков ашып, жас мамандарды құттықтап, сәттілік тіледі.

Ізгілікті іс-шара барысында кеш қонақтары өздерінің  еңбек жолындағы тәжірибемен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты. Сонымен бірге жас мамандар аға буын өкілдеріне көкейдегі сауалдарын қойды. Кездесу соңында жас мамандарға білім бөлімі басшысының құттықтауы мен сыйлықтар табысталды
08 қазан 2021 ж. 638 0