Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Кәсіпкерлік пәнін оқытудағы маңызды факторлар

Кәсіпкерлік пәнін оқытудағы маңызды факторлар

№37 мектеп-лицейде Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жаңадан элективті курс негізінен енгізілген "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәнінің оқытылу ерекшеліктері мен әдістемесіне тәжірибе алмасу мақсатында "Білім беру жүйесінде кәсіпкерлік пәні бойынша тұлға қалыптастырудың маңызды факторлары" тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті.

Әдістемелік семинар барысында 10 сыныптарға «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің мұғалімдері «Нарықтық қызмет ету механизмі» тақырыбында №35 мектеп-лицейінің мұғалімі Л.Сағымбаева, «Кәсіпкерлік қызмет түрлері, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық құқықтық формалары» тақырыбында №37 мектеп-лицейінің мұғалімі К.Ахметов ашық сабақтар, «MARSHMALLOW CHALLENGE» тақырыбында №131 орта мектеп мұғалімі В.Таңсықбаев, «Egg Drop» тақырыбында №36 мектеп-лицейінің мұғалімі Ә.Баймен экономикалық ойын көрсетті.

Сонымен қатар «Бизнеске шексіз мүмкіндік» тақырыбында №42 мектеп-лицейінің мұғалімі Қ.Ахметова және №129 мектеп-лицейінен Г.Ибрагимова оқушыларға бизнес жоспар құру технологиясын үйретсе,«Жаңа тәжірибе» тақырыбындағы тренингті №36 мектеп-лицейінің мұғалімі Д.Әлібаева мұғалімдермен тәжірибе алмасты.

Мектеп-лицейдің акт залында №135 орта мектебінің мұғалімі Н.Ажарова мен №210 орта мектебінің мұғалімі Қ.Білісбаева «Отандық бизнес пен кәсіпкерлік рух» тақырыбында аудан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
"ТТ" ақпарат
31 қаңтар 2020 ж. 1 423 0