Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУҒА ҮН ҚОСТЫ

ЖОЛДАУҒА ҮН ҚОСТЫ


Аудандық тарихи-өлкетану музейінің «Еңбек даңқы» залын- да аудандық білім бөлімі мен №35 И.Тоқтыбаев мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында «Елба- сы Жолдауы – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Кешке мектеп-лицей директоры Б.Бақбергенова, тарихи өлкетану музейінің қызметкерлері С.Қуандықова, А.Жұмабекқызы, мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Сағымбаева, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Шара барысында мектеп оқушылары Елбасы Жолдауының басым бағыттарын атап өтті. Сала мамандары Елбасы Жолдауынан туындайтын он негізгі міндетті түсіндіріп, білім саласына қатысты маңызды ақпараттарды тілге тиек етті. Сонымен қатар биылғы жылы Астана қаласының 20 жылдығы мен Сырдария ауданының 90 жылдығына арналған ақын-жазушылардың өлеңдерін мектеп оқушылары жатқа айтты. Жас өнерпаздар патриоттық әндер шырқады. Осыдан жиырма жыл бұрын көшірілген Астанамыздың ерекшеліктерін тізбектегін сала мамандары әлем сахнасындағы бас қаламыздың өзіндік орнын айрықша көрсетіп берді.
Жаңа технологиялардың дәуірі басталған уақытта ауданға қарасты инновациялық мектеп-лицей саналатын білім ордасы Жолдаудан туындайтын негізгі бағыттарға күш салатындықтарын жеткізді. Мектеп-лицей директоры Б.Бақбергенова рухани жаңғыру бағдарламасының негізгі типтерін оқушыларға түсіндіріп, мемлекет дамуына серпін беретін Жолдаудың функцияларын атап көрсетті. Сондай-ақ, алдағы ауданымыздың 90 жылдығын атап өтуді жерлестеріміздің үлес салмағы зор екендігін жеткізді.
Шара соңында мектеп оқушылары «Еңбек даңқы» залын аралап, тарихи мағлұматтармен танысты. Аудан көлемінен жиналған құнды жәдігерлерді көріп, тамашалады.
Б.ОРДАБЕКОВ
03 ақпан 2018 ж. 1 232 0