Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан педагогтары біліктілік арттырды

Аудан педагогтары біліктілік арттырды

Шаған ауылындағы №37 мектеп-лицей базасында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудан­дық семинар-практикумы өтті. семинарға пән мұғалімдерінің аудандағы жетекшісі Н.Айтмұханова қатысты. №37 мектеп-лицейінің директоры Ғ.Жаңа­баева сөз сөйлеп, ұстаздарға әрқашан қолдау болатынын, олардың білімін жетілдіру үшін бар күш-жігерін аямайтынын жеткізді.
«Рефлексия как инструмент эффективного обучения и раз­вития учаю­щихся» тақырыбында өткен шараға ауданға қарасты 17 мектептің 25 ұстазы қатыс­ты. Мұнымен қоса үлкен сынып­тарға алты сабақ өткізген ұйымдастырушыларға келген қонақ­тар маңызды, тың тақыр-ып­тары үшін алғысын білдірді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен орыстың ұлы ақыны А.С.Пуш­киннің 220 жылдығы құр­метіне арнайы музыкалық сабақ та қамтылды. Ал 1-сынып оқу­шы­ларына «Домашние живот­ные» тақырыбында ашық са­бақ өткен Г.Жантөреева өз сала­сының кәсіби маманы екенін көрсетті. Ж.Лашкерова 4-сынып оқушыларымен бірге «Все професии важны» тақырыбын ашып, білім алуға керекті де­ген мамандық кестесін жасады. Та­қырып­қа қызық-қан оқушылар да белсенді болды. Сонымен қа­тар М.Ос­панова «Круглый год», Қ.Қа­сым­ова «Пос­тулаты здоровья» тақы­рып­тарында оқу үлгісін көрсетіп, оқушының қа­рым-қабілетін ашуда түр­лі тәсілдерді көрсетті. 9 сынып оқу­шы­ларына М.Шахановтың «Книга па­мяти» деп аталатын шы­ғар­масын орыс тілінде талдап, орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Рахманбердиеваның тың мәлі­мет­тері семинарға қатысушы ұстаздарға көп мағлұмат берді.
Семинардың тақырыбы бо­йын­ша бірлестік жетесшісі С.Ба­шен­ова техникалық форматта тал­дау жасап, сабақ­тарды қорытын­дылады. Теория тұр­ғысында дәріс алып, оны практикаға ай­нал­дырып қолдана білген кәсіби маман иелеріне әрқашан құрмет жоғары болары сөзсіз. Бүгінгі өткен семинар да осының бір айғағы.

Майя ҚОЖАБАЙ
31 желтоқсан 2019 ж. 978 0