Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұстазы мықтының ұстанымы мықты

Ұстазы мықтының ұстанымы мықты

№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің акт залында білім саласының ардагерлеріне арналған іс-шара өтті. Іс-шараны аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастырды.

Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шараға ардагер-ұстаздар қатыс­ты. Алдымен құттықтау сөз сөйлеген білім бөлімінің басшысы Б.Жәні­беков сала арда­герлерін төл мерекемен құттықтады.

– Құрметті ардагер-ұстаздар! Бұл мереке елі­міздің болашағы мен кемел келешегі үшін талмай қызмет етіп, саналы ғұмырын бала тәр­биесіне арнаған ардагер­лерімізге шынайы ри­зашылық білдіріп, қамқорлық көрсететін күн. Өсетін елдің өнегелі ұрпа­ғы дария көңіл, кең кеуде қарт­тарын құрметтеп, әрқашан сыйлауды өмірлік қағида тұтқан. Қарттарын құрметтеген елдің ер­теңі биік, мерейі үстем болары­ хақ. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңес­теріңіз, тәлім-та­­ғы­­лым­­дарыңыздың ор­ны бө­лек. Се­бебі, білім саласының дамуы­на әрқай­сыларыңыздың қос­­­қан үлес­теріңіз бен еңбекте­ріңіз ерен. Өсіп келе жатқан өс­ке­лең ұр­паққа өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жол­да­рыңыз үлгі. Сіздер мем­лекетіміздің алтын қоры, данагөй тұлғасы, саялы бәйтерегісіздер! Тағы да мерей­лі мерекелеріңізбен құттықтай оты­­­рып, баршаңызға мықты ден­­сау­лық, ұзақ ғұмыр, отбасы-әу­леттеріңізге бақыт, береке, бір­лік тілеймін, – деді ауданның бас ұстазы.

Жасы үлкенге құрмет көрсету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – ұрпақ борышы. Перзентті дүниеге әкеліп, тіршілігіне нәр берген ата-анаға құрмет көрсету – перзенттік парыз.

Аудандағы ең ауқымы кең салада мыңдаған ұстаздар еңбек етсе, алдыңғы толқын аға ұрпақ бейнетінің зейнетін көріп отыр. Саналы тәрбие мен сапалы білім беруде ардақты ұстаздардың ат­қарған еңбегі өлшеусіз. Қашан­да ұстаз алдында мәңгі шәкірт болып қалатын керемет қағида ұрпақтан ұрпаққа жалғасып ке­­леді. Тағылымды іс-шарада аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ес­на­зар мерекемен құттықта­са, ардагер-ұстаздардың аты­­нан бі­лім бөлімін ұзақ уақыт бас­қарған Б.Сүюбаева мұға­лім­дердің өлшеусіз еңбегін айтты. Ауданның білім саласының аймақта алдыңғы қатардан кө­рінуі ұстаздардың еселі еңбе­гінің нәтижесі екенін жеткізді.

Мерекелік кеште ардагер-ұс­таздар Г.Әбіл­ова, К.Бисариева, А.Ізбасарова, С.Сә­дуа­қасов сөз алып, көрсетілген құрметке ри­за­­шы­лықтарын білдірді.

Мерекеге орай барша арда­гер-ұстаздарға сый-құрмет көр­сетіліп, әннен шашу шашылды. Керемет көңіл-күй сыйлаған бас­­қосуда «Қарттарым, аман сау жүрші», Тұрмағанбеттің «Өсиет сөздері» атты термесі орындалды.

Батагөй қария Рақымжан қа­жы Бәйменов кеш соңында ақ батасын берді.

Бибісара ЖАНӘЛІ
05 қазан 2021 ж. 597 0