Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан жастары жаңа төрағамен кездесті

Аудан жастары жаңа төрағамен кездесті

Бүгін ауданда «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев жұмыс сапарымен болды. Ауданға келген мейман алдымен аудан басшысы Р.Рүстемұлының қабылдауында болып, жастар саясатына қатысты мәселелермен пікірлесті. Мұнан кейін Сырдария аудандық жастар ресурстақ орталығында болып, ауданда жастар мәселелеріне қатысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, кент мәдениет үйінде аудан жастарымен кездесті.
Жастармен өткен кездесуге облыстық жастар саясаты мәселері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов, аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев, «Абзал и К» ТС-нің төрағасы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының орталық кеңесінің мүшесі Мағжан Ералиев, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес, аудан жастары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында сөз алған Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев мемлекет тарапынан жастарға әрдайым қолдаудың жасалып келе жатқанын айтты. Әсіресе, еліміздің болашағы жастарды жан-жақты демеуде Елбасы мен Мемлекет басшысының өзі үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
Келелі кездесуде жастар, өз кезегінде түрлі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасудан үлкен әсер алды.

"ТТ"-ақпарат 
27 ақпан 2020 ж. 591 0