Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » "Жалындық" жастар облыстық турнирге қатысты

"Жалындық" жастар облыстық турнирге қатысты

Салауатты өмір салты – жалпы ұлт денсаулығының негізі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты, сондықтан салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Әр тұлғаның өзін жетілдіру үшін қажетті аса маңызды жәйт – ол салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Осыған байланысты ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 30тамыз - ҚР Конституциясы күніне орай Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен облыс жастарының арасында волейболдан турнир өтті. Турнирге барлық аудандардан 8 команда қатысты.

Аталмыш шараға Сырдария ауданының атынан Аманкелді ауылдық округінің әкімдігі жанынан құрылған «Жалын» еріктілер штабының волейбол құрама командасы қатысып, жарыс барысында мол тәжірибе жинап, өздерінің шеберліктерін, табандылықтарын, жылдамдықтары мен ептіліктерін көрсетіп арнайы алғыс хатқа ие болды.

Құрама команда жетекшісі Б.Серікбаев - волейбол сайысына үлкен дайындықпен келгендіктерін, барынша тырысқанын айтып, алдағы уақытта командалық дайындықтарын жүйелі түрде жолға қою қажеттілігін айтты.

Облыстық турнирге қатысқан барлық жалындық жастарға айтар алғысымыз шексіз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын.

30 тамыз 2021 ж. 300 0