Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

28 қараша 2023 ж.

№93 газет

25 қараша 2023 ж.

№92 газет

21 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қазақ күресінен республикалық турнир өтеді

Қазақ күресінен республикалық турнир өтеді


12-13 желтоқсан күндері Қызылорда облысының Шиелі кентінде ҚР Тәуелсіздігі күні аясында Мұстафа Шоқайды еске алуға арналған қазақ күресінен 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтеді.
Биыл 12-ші мәрте ұйымдастырылатын турнирге Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай  және Қызылорда облыстарынан 12 команда,  200-дей балуандар ұлттық спортты ұлықтайтын болады.
Мақсаты - ұлттық рухты жаңғыртуға ықпал ететін ұлттық спорт түрі қазақ күресін облыс көлемінде дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың спорттық шеберліктерін арттыру, жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.
Жарыс 9 салмақта (38, 42, 46, 51, 57, 64, 73, 81, +81 келі) өткізіледі. 
Республикалық турнирді Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Шиелі ауданының әкімдігі ұйымдастыруда. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Турнирдің салтанатты ашылуы: 12 желтоқсан күні сағат 10.00-де, басталуы 10.30-да.
08 желтоқсан 2017 ж. 1 258 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам