Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аманкелділік жастар жарыс жеңімпазы атанды

Аманкелділік жастар жарыс жеңімпазы атанды

Аманкелді ауылындағы №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейде "Жалын"еріктілер штабының ұйымдастыруымен және ауылдың 1995 жылы туылған азаматтардың қолдауымен волейболдан жарыс өтті.

Шараны ауыл əкімі М.Нұрғалиев, жарысқа қолдау білдіруші азаматтар ашып, ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған жарыстың мақсатына тоқталып, қатысушыларға жеңіс тұғырынан көрінуге тілек білдірді.

Жарысқа ынталы жастар мен ауыл тұрғындары қатысып, жанкүйер болды.

Жарыстың қорытындысымен ауыл жастарынан құралған команда І-орынды, 2-орынды ауыл əкімшілігінің командасы жəне 3-орынды мектеп-лицейдің ұстаздарынан кұралған команда иеленді.

Жеңімпаз командаларға демеуші болған 1995 жылы туылған азаматтардың дайындаған сыйлықтары, кубогы мен ұйымдастырушылардың дипломы табысталды.

07 ақпан 2021 ж. 563 0