Әлеуметтік жоба аясында семинар өтті
Ағымдағы жылдың 20 тамызында Тереңөзек кентінің мәдениет үйінде Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік жобасы негізінде «Алғыр Ой» коммерциялық емес жеке қорының ұйымдастыруымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың қатысуымен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру, «Дін саласындағы өзекті мәселелер» және «Адам денсаулығын сақтаудың алғы шарттары» атты тақырыптарда семинар өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты - пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың қоғамға деген көзқарасын қалыптастыру, қайта қылмыстың алдын алу, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік, медициналық, психологиялық және құқықтық көмек көрсету, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру, дұрыс бағытта дін ұстанымын насихаттау болып табылады.
Аталмыш шараға Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Д.Байдушев, аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов, аудан прокурорының прокуроры Ж.Сиха, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлім басшысының орынбасары Е.Зұлқарнаев, жұмыспен қамту орталығының маманы Е.Жорабеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің теологы М.Сейлханов, аудандық аурухана дәрігері С.Ерімбет, аудандық пробация қызметінің өкілі А.Сақыбеков, жастар ресурстық орталығының директоры Ғ.Оралов қатысты.
Семинар барысында құқық қорғау өкілдерімен қайта қылмыстың алдын-алу мақсатында қатысушыларға құқықтық түсіндірмелер беріліп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылардың сауаттылығын арттыру мақсатында мамандармен бірқатар кеңестер берілді.
Іс-шара барысында қатысушылардан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Жиын соңында «Жастар денсаулық орталығы» мамандарының қатысуымен «Күйзелістің алдын алу» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Бекітілген әлеуметтік жобаға сәйкес жыл соңына дейін осы санаттағы азаматтармен түрлі сайыстар, кездесулер, спорттық-мәдени шаралар, мектепке жол акциясы, қайырымдылық акциясын өткізу жоспарлануда. Аталмыш шаралар техникалық сипаттамаға сәйкес кезең-кезеңімен өткізіледі.