Жаза басқандарды қоғамға бейімдеу маңызды

Кездесуде шахмат және қол күрес спорттық сайысын ұйымдастырып, «Күйзелістен шығу жолдары» тақырыбында психологиялық тренинг және «Конституциялық құқық негіздері» тақырыбында әңгімелесу жүргізілді. Кездесудің негізгі мақсаты пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың қоғамға деген көзқарасын қалыптастыру, қайта қылмыс жасамаудың алдын алу, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Іс-шараға Сырдария аудандық прокуратурасының прокуроры Ж.Сиха, аудандық пробация қызметінің өкілдері А.Сақыбеков, Н.Дүйсенбаев қатысып, құқықтық түсіндірме берді.
Есепте тұрған азаматтар тарапынан кері байланыс орнатылды. Сұрақтар қойылып, пікірлер тыңдалды. Белсенді қатысушы азаматтар мен спорттық сайыс жеңімпаздары марапатталды.
Осындай іс-шаралар алдағы уақытта жоспарға сәйкес тоқсан сайын өткізілетін болады.
Ернар ЗҰЛҚАРНАЕВ,
аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары
аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары