Бірнеше бағытта кеңес берілді

Аталған шараға «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директордың орынбасары Ж.Алтынбасова, осы дамыту орталығының психологы А.Қорғабай, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Е.Зұлқарнаев, аудандық жұмыспен қамту орталығы, кәсіпкерлік бөлімі, аудандық емхана психологы, пробация қызметінің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Семинарға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен пробация қызметі есебінде тұрған барлығы 32 азамат қатысып, сала мамандарымен өз бағыттары бойынша кеңестер беріліп, қойылған сауалдарға тиісті жауаптары берілді.
Шара барысында қоғамдық қордың өкілдерімен жаза басқандармен түрлі ойын өткізіліп, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында консультациялық кеңестер берілді.
Шара соңында спорт алаңында (қол күрес, шахмат, дартс, арқан тарту және кермеге тартылу) спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, жүлделі орындарға және белсенді қатысқандарға арнайы алғыс хат пен дипломмен марапаттау шаралары өтті.
"ТТ" ақпарат