Қаржылай көмек көрсетті

Қазіргі уақытта ауданға қарасты COVID бөлімшесінде 40 науқас ем қабылдауда. Ал 3 реанимациялық палатада науқастар тәулік бойы оттегіге тәуелді.
Эпидемиологиялық ахуал күрделенген сәтте облыстық маслихат депутаты, жеке кәсіпкер Расул Есенов 200 мың теңге қаржылай көмек көрсетті. Аталған қаржыға ауыр хәлдегі пациенттерге оттегі баллондары алынады. Жомарт жүректі азаматқа қауіпті дертке шалдыққан науқастарға қолұшын созғаны үшін аудандық аурухана әкімшілігі алғыс айтады.