Кәсіпкер ауруханаға 15 оттегі баллонын алып берді
Баршаны әбігерге салған індетпен күресте кәсіпкерлер өткен жылдан бері жан-жақты көмек көрсетуде. Вирус жұқтырған науқастардың ем алуына қажетті құрылғыларды алып беріп, игілікті іс жасап келеді. Әсіресе, індетпен ауырған науқастарға оттегі жетіспей жатқанда, керекті оттегі баллондарын жеткізуде аудан кәсіпкерлері белсенділік танытты.
Осы орайда, ауданға белгілі кәсіпкер Мәлік Ысқақов өткен жылдан бері өз көмегін көрсетуде. Ауданда эпидахуал күрделене түскенде кәсіпкер биыл да игілікті іске үн қосты. Атап айтқанда, бүгін белгілі кәсіпкер аудандық ауруханаға 15 дана оттегі баллонын пайдалануға жеткізіп берді.
— Қазіргі аудандағы жағдай өте алаңдатарлық. Күн сайын науқастар саны көбейіп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан індетпен күресте барлығымыз ауызбіршілік танытуымыз керек. Сондай-ақ, бүгінгі жағдайда сақтыққа аса мән беріп қараған жөн. Дана халқымыз «Сақтансаң, сақтайды» деп бекер айтпаған. Сол себепті бір-бірімізге жанашырлық танытайық, — дейді М.Ысқақов.
Індетпен күресуге көмек көрсеткен кәсіпкерге аудандық аурухана мамандары ризашылығын білдірді.

Ердос БЕРКІНБАЕВ