Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі Талғат Дүйсебаевтың төра­ғалы­ғымен IV тоқсандағы аудан әкі­мдігі жанын­дағы құқық бұзу­шылық профилактикасы жө­ніндегі ве­домствоаралық комиссия отырысы өтІП, күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Комиссия отырысындағы бірінші мәселе білім саласында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған іс-шараларға арналып, аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Омаров баяндама жасады. Бөлім басшысы биылғы жылдың 10 айында жасөспірімдер арасында орын алған қылмыстарға қатысты ақпарат берді.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептерде «Заң – баршаға ортақ», «Қоғам және заң», «Қылмыстың өтеуі жаза» және тағы басқа тақырыптарда кеңейтілген онлайн семинар-кеңестер, ашық тәрбие сағаттары, сыныптан тыс жұмыстар тұрақты өткізілуде. Аталған шараларға жергілікті полиция қызметкерлері, ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық кеңес мүшелері және оқушылар мен ата-аналар «Зум» платформасында онлайн қатысып келеді.

Ал екінші мәселе 2020 жылы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған іс-шаралар және 2021 жылы орындалатын жұмыстары туралы болып, бұл жөнінде аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Ибраев хабарлады. Бөлім бастығы осы жылдың 10 айында ауырлығы орташа, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, бөтен мүлік ұрлығы, мал ұрлығы, бұрын сотты болғандардың, жасөспірімдердің қатысуымен жасалған қылмыстар төмендегенін атап өтті. Қылмысты болдырмау мақсатында жос­парлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып болған соң аудан басшысы сала мамандарына тиісті тапсырмалар берді.

Ердос БЕРКІНБАЕВ 

12 желтоқсан 2020 ж. 706 0