Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі Талғат Дүйсебаевтың төрағалығымен 2021 жылдың I тоқсанындағы Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі «2020 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары» және «Учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция, табиғат қорғау, патрульдік полиция және әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық салалары бойынша жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралар» жөнінде аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Е.Жанәлиев хабарлама жасады.

Баяндамашы ауданда 2020 жылы 23 жол-көлік оқиғасы орын алғанын жеткізді. Соның салдарынан 13 адам қаза болған. Өткен жылы аудан көлемінде 1438 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталып, тиісті шаралар көрілген.

Жол апаттылығына тікелей септігін тигізетін жол қозғалысы ережесін өрескел бұзушыларды анықтау бағытында «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Құқық тәртібі», «Мотоцикл» арнайы іс-шаралар өткізілген. Нәтижесінде, мас күйінде көлік құралдарын басқарған 27 жүргізуші анықталып, тиісті шара қолданылған. Патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен қылмыс ашу үлесі өткен жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға жоғарылаған.

Үшінші мәселе ведомствоаралық комиссияның 2020 жылға берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуының қорытындысы туралы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Д.Әлшеров мәлімдеді.

Аудан басшысы ауданда құқық бұзушылықты болдырмау бағытында жұмысты күшейту керектігін атап, тиісті тапсырмаларды берді.
05 сәуір 2021 ж. 674 0