Баспасөзге жазылу қатаң бақылауда

Екінші мәселе бойынша, мемлекеттік сатып алу бөлімінің үстіміздегі жылдың 10 айында атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы баяндалып, аудан әкімі барлық бағдарлама әкімшілеріне 2019 жылға айқындалған бірыңғай ұйымдастырушылардың жұмысын жандандыруды, жоспарланған мемлекеттік сатып алуларды мерзімінде жүзеге асыру және мамандардың қатысуымен семинар-кеңестер ұйымдастыруды, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу бөлімдеріне 2020 жылы мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жаңадан енгізілетін өзгерістер бойынша атқаратын жұмыстарды нақтылап, ұсыныс енгізуді тапсырды.
Сонымен қатар аппарат мәжілісінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан жүзеге асатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық барысы және келесі жылдың І жарты жылдығына баспасөзге жазылу барысы қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімі Р.Рүстемов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналардың уақытылы аударылуын қамтамасыз ету, жұмыссыз азаматтардың мәртебесін өзектендіру және МӘМС жүйесінің тиімділігі жайында халыққа түсіндірме, насихат жұмыстарын жандандыруды жүктеді. Сондай-ақ, аудандағы барлық мекеме басшыларына мерзімді баспасөзге жазылу межесін толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.