Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ақ ниеттегі» шуақты күндер

«Ақ ниеттегі» шуақты күндер

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.

Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз - тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор.

А.Тоқмағамбетов атындағы №135 орта мектепте «Ақниет» күндізгі тынығу лагері екі ауысым бойынша жұмыс жүргізді. Оқушылардың әрбір күні қызықты да мәнді өткізілуіне лагерь басшысы Қаламқас Ұзақбаева тәрбиешілері Айзат Жалғасбекова, Пәкизат Әбдібекова, дене шынықтыру пәні мұғалімдері Ағайша Шаймағанбетова, Дәулетбек Алиев, жұмыс атқаруда.

1 маусым балаларды қорғау күніне орай «А. Тоқмағанбетов Жер» ЖШС төрағасы Бақытжан Жақып демеушілігімен лагерьге келген оқушыларға ойыншықтар таратылды. Аулымыздың жеке кәсіпкері Жақсылық Байзақов балаларды тәтті сусындармен куантты. Ауыл мешітінің имамы Бодықов Дархан оқушылармен «Көнілді эстафета» сайысын өткізіп оқушыларға бағалы сыйлықтар мен мараппатады. Жоспарға сәйкес оқушылармен «Менің Отаным – Қазақстан» рәміздері күніне ис шаралар, «Көңілді эстафета» спорттық сайысы, «Шебер қолдар» оқушыларды өнерге баулу сағаттары өткізілді.
18 маусым 2021 ж. 427 0