Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балалар "Жалында" тынығады

Балалар "Жалында" тынығады

Жаз – бала біткеннің қуанатын мезгілі. Өйткені, олар оқу жылын аяқтап, үш ай демалыс уақытын қызықты өткізгісі келеді. Мұндай шақта ата-аналар да балаларын тынығу лагерьлеріне жіберіп, демалыс маусымының тиімді өткенін қалайды.

Балалардың жазғы демалысы өткен жылы ұйымдастырылған жоқ. Себебі, қауіпті індет өршіп, жазғы сауықтыру жұмыстарына кері əсерін тигізді. Ал биыл есепті мерзімде эпидахуал қалыпқа түсті. Соған байланысты аудан орталығындағы «Жалын» тынығу лагері жəне мектеп жанындағы мектепішілік лагерьлер 50 пайыздық толтырылымды сақтай отырып, жұмыс жасайды.

Жалпы, сырдариялық балалардың жазғы демалысын 5 бағыт бойынша ұйымдастыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, балғындарды «Жалын» тынығу лагеріне, мектеп жанындағы лагерлерге, облыс көлемінде жəне облыстан тыс лагерьлерге жіберу, саяхаттар мен аула клубтарын ұйымдастыру жүзеге асырылады. Оның ішінде, «Жалын» тынығу лагері 7 ауысымда жұмыс жасайды. Оның барысында қызықты математика, ағылшындар əлемінде, шынықсаң шымыр боласың, интеллектуалдық алаң секілді тақырыптар қамтылады.

– Мектеп жанындағы лагерлер бала санына байланысты 2, 3 ауысымдық негізде маусым айында жұмыс жасайды. Мектеп жанындағы лагерь тынығушыларына əр ауысым сайын Қызылорда қаласының көрнекті жерлеріне, музейлерге экскурсия ұйымдастырылады. Сонымен қатар Түркістан қаласына жəне басқа да тарихи-мəдени орындарға саяхаттарға 1000 бала қамтылады деп жоспарлап отырмыз. Экскурсия жұмыстары маусым-шілде-тамыз айларында жүргізіледі, – дейді аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Л.Мығымбаева.

Одан бөлек, жазғы маусымда оқушыларды жазғы демалыспен қамту мақсатында мектептер жанында спорттық жəне шығармашылық бағытта 17 аулалық клуб жұмысы жүргізіледі. Онда спорттың футбол, баскетбол, волейбол түрлерінен спорт секциялары, əн-би, көркем оқу түрлерінен үйірмелер тегін ұйымдастырылып, оқушылардың жазғы уақыттары тиімді өтеді.

«Бар жақсылық балаларға» десек, жазғы маусымда олардың демалысы жақсы болғаны дұрыс.

Ердос БЕРКІНБАЕВ
01 маусым 2021 ж. 435 0