Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Шіркейлі ауылында тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Шіркейлі ауылында тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні. Мереке қарсаңында Шіркейлі ауылындағы тыл ардагерлері елеусіз қалмады. Мәді Қажы ЖШС директоры С.А.Сұлтанов пен ауыл әкімі Т.Құламқадіров бастаған азаматтар қастерлі мереке қарсаңында сұрапыл соғыс жылдарында бел жазбай күні-түні еңбек етіп, қиямет-қайым қиын жылдарды жеңе білген тыл қаһармандарының шаңырағында болып, құрмет көрсетті.

Мәді Қажы ЖШС директоры С.А.Сұлтановтың демеушілігімен аталған ауылдағы тыл ардагерлеріне бағалы сыйлықтар беріліп, қарияларға шапан жабылды. Ел басына күн туғанда, қара жұмысқа жегіліп, ерлікпен еселі еңбек еткен ардагерлер еңбек жолын еске алып ұлағатты әңгімелерін өрбітіп, өздерін мерекемен құттықтауға келген ауыл басшылары мен азаматтарға зор ризашылығын білдіріп, бейбіт өмір мен өскелең ұрпақ болашағының жарқын болуын тіледі.
10 мамыр 2021 ж. 487 0